7,5 миллионнан астам қазақстандық вакцинаның екі компонентін де салғызды

1 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 8 300 105  адам вакцина салдырды, II компонентпен 7 500 328 адам, – делінген хабарламада.

Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 996 741 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 970 450.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 168 621 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 395 адамнан коронавирус анықталды.