«102» жедел арнасына хабарласқан қала тұрғын басы жарылған ер адамның мүрдесі жатқанын жеткізді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп жетті. Көп ұзамай марқұмның кім екендігі белгілі болды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Департамент дерегінше, 52 жастағы азаматтың қатты соққыдан қайтыс болғаны анықталған.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
