Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 30 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 27 қазандағы мәліметі бойынша, 49 938 адам (–43 988 + және 5 950 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 584 науқас, амбулаторияда 41 354 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 628 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр. 101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 551 адамнан коронавирус анықталды.