Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады.
Оның айтуынша, биыл елімізде 8,8 миллион гектар алаң зиянды арамшөптерге тексерілген.
Соның ішінде көктемгі-жазғы тексерулер — 4 008,261 мың гектар, жазғы-күзгі тексерулер – 4 355,179 мың гектар, күзгі тексерулер — 149,173 мың гектар, сондай-ақ канадалық арпа – 153,393 гектар және циклахен — 109,372 гектар аумақты құрады, — деді Алмабек Марс.
Ведомство басшысы сонымен бірге тексеру республиканың барлық облысы мен аудан орталықтарында жүргізілгенін алға тартты.
Арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары — 11,3 миллион га алаңда жүргізілді. Оның ішінде дәнді дақылдар бойынша — 10,97 миллион га. Биылғы жылы гербицидтерге бөлінген субсидияның сомасы – 32,3 миллиард теңге. Оның 30,0 миллиард теңгесі игерілді, — деді комитет төрағасы.
Еске салайық, бұған дейін биыл шегірткемен қарсы күреске бюджеттен қанша миллиард теңге бөлінгені хабарланған еді.
