Алматы облысында шегірткенің таралуы 76 мың гектарға азайған

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өңірде шегірткенің екі түрі кең тараған. Олар: азиялық шегіртке мен италиялық прус. Ауыл шаруашылық аймақ үшін екеуінің де қаупі зор. Әсіресе, олар — көкжелек пен астық дақылдарының жауы. Егіс алқабын зиянкестерден тазарту авиациалық және жерүсті техникаларымен жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 3 мың 300 гектар алқаg зиянкестерден тазартылды.

Әсіресе, өзен–сулы, қамыс-құрақты Балқаш аймағы — азиялық шегірткенің ошағы.  Зиянкестің 60%-тен астамы осы маңда. Жерүсті техникаларымен өңдеу жұмыстарын 27,3 мың гектар жерде атқаруға Түркістан облысынан жеке кәсіпкер бөлініп, Ақсу, Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында жалғастырып жатыр. Ал авиациялық тәсілімен жоспарланған 99,6 мың гектар жерге қызмет көрсетуші — AVIASILA компаниясы.

Жалпы, Алматы облысында шегірткемен күреске биыл 152,7 миллион теңге қаржы бөлінген. 2019 жылмен салыстырғанда өңдеу жұмыстарының көлемі 76,0 мың   гектарға азайған.