Ақшасы жоқ адамдарды тегін тамақтандыратын кафе

Кафе иелерінің бірі ирандық, екіншісі — ирактық кәсіпкер. Олар осыған дейін де мұқтаждарды тегін тамақтандырып келген. Кейіннен есіктің маңдайшасына: «Ақшасы жоқ адамдар осы жерден тегін тамақтана алады» деген жазуды іліп қойған. Осылайша олар қайырымдылық шарасын арнайы хабарландыру жазу арқылы жандардырмақ болған.

Кафе иелерінің бірі Яхья Хашемидің айтуынша, көпшілік адамдар мұны жай ғана әзіл не адам тартудың айласы деп түсінеді екен. «Алайда бұл тіпті де олай емес. Біздің бұл қайырымды іске шамамыз әбден жетеді», — дейді ол.

Қаланың жергілікті тұрғындарының бірі аталмыш кафе жайлы Facebook желісіне арнайы жазба таратқан. Осыдан кейін кафенің танымалдығы артып, жазбаны бір күннің ішінде 5000-нан аса адам оқыған.

ДереккөзMuftyat.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да