ҰҚК соттың шешімінсіз интернетті, ұялы байланысты бұғаттай алады

Оның ішінде ғаламторды бұғаттау туралы заң да бар. Себебі ғаламтордағы пікірлер ауыр және аса ауыр қылмысқа алып келуі мүмкін. Қылмыстық топтың дайындаған және іске асырып жатқан қылмысы жағдайында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары және ҰҚК аймақтық органдар басшылары немесе олардың орынбасарлары әлеуметтік желі, байланыс құралдары, байланыс орнату қызметін, ғаламторға қолжетімділікті тоқтатуға немесе жедел-іздестіру жұмыстары үшін олар туралы ақпаратты ілуге байланыс және ҚР Бас прокуратурасына хабар беру арқылы 24 сағаттың ішінде жүзеге асыра алады.

Заңгер Джохар Утебеков өзінің Facebook парақшасында бұғаттау үшін көрсетілген себептер нақтыланбағанын жазған.

«ҰҚК қызметкерлері байланыс телефонын, мессенджерлері (уатсап және т.б), сайттарды, жалпы барлық ғаламтор мен байланысты бұғаттай алады. Бұны ҰҚК полиция, Ұлттық бюро, «Сырбара», МКҚ немесе әскери барлаудың өтінішімен де жасай алады» деп жазды заңгер.

Мемлекеттік прокуратурада әлеуметтік желіні сот шешімінсіз өшіру құқығы 2014 жылдың көктемінде пайда болғанын айтады.

«Ең қызығы, прокурорлармен салыстырғанда ҰҚК өкілдері байланыс қызметкерлерінің көмегінсіз әлеуметтік желіні бұғаттай алады. Жаңа заң бойынша арнайы қызметте өзбетінше өшіре алатын техникалық мүмкіндік бар» деп толықтырды Джохар Утебеков.

ДереккөзҚамшы