Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Олардың бірі – Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жыл басында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4-бөлігі бес жыл мерзімге Қазақстан шекарасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1984 жылы туған А. есімді азамат.
Алайда, бұл талапты құқық бұзушы орындамады, содан кейін сот Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығарумен қозғалыс еркіндігіне шектеулер қолдану туралы шешім шығарды, — деді Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.
Еске салайық, Алматыда алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Алты күнінің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1 мың 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1 мың 036-сы – шетел азаматтары, 58 шетел азаматы елден шығарылды.
Сонымен бірге заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін қабылдаушы 235 адам жауапкершілікке тартылды, ал, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды, – деді Геннадий Мен.
