Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт көбейді

Денсаулық сақтау министрлігінің 21 қазандағы мәліметі бойынша, 51 318 адам (44 971 + және 6 347 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 851 науқас, амбулаторияда 42 467 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр. 103 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте  1 844 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.