Алматыда 1 240 кәсіпорын қызметкері вакцина салдырмаған

7 қыркүйекте ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакциналау бойынша рейдтер алгоритмін бекітті.

Алматыда мониторинг топтар 10 қыркүйектен бастап 302 бизнес нысаны мен мегаполистегі жоғары оқу орындарын тексерді. Мониторинг топ тексеру кезінде 65 536 қызметкерді, олардың 55 618-і (84,8%) вакциналанғанын анықтады. Ал 4 439-ы (6,8%) екпе салдырмаған, ауырып жазылғандар немесе медициналық қарсы көрсетілімдері барлары – 5 479 (8,4%).

Барлық кәсіпорында коронавирусқа қарсы вакциналанудың қажеттілігі мен маңызы туралы кеңес берілді, өйткені вакцина салдырмаған қызметкерлердің басым бөлігі ұжымда дерттің қайтадан ушықтыруы мүмкін. 11-17 қазан аралығында мониторинг топтар 35 кәсіпорынды тексеріп, 12 541 адамды қамтыды. Олардың ішінде 9 987 адам вакциналанған, 1 240-ы вакцина салдырмаған, 1 314 адамның медициналық қарсы көрсетілімі болған. Тексерушілер мониторинг барысында медициналық қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер арасында бекітілген 026-У формасының сәйкессіздігіне байланысты бірқатар бұзушылық анықталғанын атап өтті.

Сондықтан медициналық анықтаманың дұрыстығын тексеру үшін шара қабылданатын болды. Одан өзге, Алматыда бірқатар сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі Ashyq-тың «көк» мәртебесі бойынша жұмыс істейтіні, олардың әлі күнге дейін «жасыл» мәртебені алмағаны анықталды.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Алматы филиалы ұсынған вакциналану картасының негізінде қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакциналанған қызметкерлердің саны 60%-тен төмен кәсіпорындарда вакциналау жоспары әзірленді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да