Алматыда тұрғын үйлердің бірі өртенді

Қалалық Төтенше жағдай департаменті күштері мен техникалары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 259 мекен-жайына жіберілген.

14.52-де жалпы ауданы 100 шаршы метрге тең шаруашылық үшін салынған үйдің өртенгені белгілі болды. Тез арада сөндіру және өрттен қорғау үшін автоцистерналар жақын маңдағы су гидранттарына қосылды. Өрт болған жерден 4 газ балоны шығарылды. Олардың екеуінің көлемі 25 литр, тағы екеуінікі 5 литр. 25 литрлік газ балонының біреуі қауіпсіз жерге апарылды, – деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Өрт 15:10-да ауыздықталып, 15:27-де толық сөндірілді. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік үшін Жамбыл көшесін жапқан. Жалпы 10 техника және 35 қызметкер жұмылдырылған.

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Мұқанов және Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан жанармай бекетінен өрт шыққан еді.