Әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылды. Алайда тексеріс кезінде ұзын-сонар кезек болып, жолаушылар адамдардың көптігіне шағымдана бастады. Ал әуежай әкімшілігі тексеруді күшейту туралы шешімді Қазақстанның авиация әкімшілігі жедел-профилактикалық шараларға байланысты қабылдағанын түсіндірді.
Біз дереу дайындалдық, түнде әуежайға кіре берістегі терминалға қосымша тексеру желісі қойылды. Енді екіншісін бірінші қабатқа орнатып жатырмыз. Қосымша тексеруге байланысты жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұраған болатынбыз, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, қосымша қауіпсіздік желілері 14 қазанға дейін уақытша орналастырылды. Әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейстеріне кешігіп қалмас үшін ертерек келулерін сұрайды.
