Өңірде жедел уәкілдер мектеп оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады.
Белгілі болғандай, жасөспірім жасырмақ болған зат апиын қатарындағы препараттарға жататын күшті анальгетик, яғни дәрілік препараттың 23 пластинасы болып шықты.
Тәркіленген дәріхана препараты жасөспірімдер мен жастар арасында танымал. Өйткені, ол адамның бойындағы қуатын арттырып, көңіл-күйін жақсартады. Жастар оны үнемі қолданған кезде оған тәуелділік артады, ал инъекциялық есірткіні қолданатын адам ғана нашақор болып саналуы мүмкін. Алайда, бұл препарат героиннің синтетикалық опиаты және оны бірнеше рет қолдану есірткіге тәуелділікті тудырады, − деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Виталий Гудыменко.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 296 бабының 2-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
