Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Сәбила Сапарқызы Мұстафина 1960 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Ерейментауда дүниеге келді. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді, саясаттанушы.

Еңбек қызметі:

1982-1983 жылдары – Целиноград ет-сүйек ұны зауытының бас экономисі;

1983-1985 жылдары – Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы;

1985-1991 жылдары – совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ҚЛКЖО Целиноград облыс комитетінің екінші хатшысы;

1991-1995 жылдары – ЛКЖО ОК-нің хатшысы, Қазақстан жастары одағы ОК хатшысы;

1995-1996 жылдары – «Айсар» ЖШС бас директорының орынбасары;

1996-1999 жылдары – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты;

02.1999-12.2002 жылдары – Президент жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы хатшылығының меңгерушісі;

12.2002-11.2003 жылдары – премьер-министр хатшылығының меңгерушісі;

11.2003-04.2004 жылдары – президент кеңсесінің мемлекеттік инспекторы;

04.2004-11.2004 жылдары – мемлекеттік хатшы хатшылығының  бас инспекторы;

11.2004-11.2006 жылдары – Астана әкімінің орынбасары

11.2006-04.2008 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік саласы секторының меңгерушісі;

04.2008-11.2011 жылдары – Астана «Сарыарқа» ауданының әкімі;

11.2011-09.2016 жылдары – Астана «Есіл» ауданының әкімі;

Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жарлығымен орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

2017 жылы 19 шілдеден бастап – орталық сайлау комиссиясының хатшысы болды.

Ал Константин Викторович Петров 1969 жылы 18 маусымда Ақтөбеде дүниеге келген. 1991 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек қызметі:

1991-2004 жылдары – Ақтөбе қаласының №3 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе әкімінің көмекшісі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының әкімшілік-шаруашылық қызмет және абаттандыру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

08.2004-04.2008 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі;

04.2008-01.2009 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бастығы;

01.2009-24.08.2015 жылдары – Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;

24.08.2015-09.2016 жылдары – Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

Президенттің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жарлығымен орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

2017 жылы 29 тамыздан бастап – орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.