Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 61 490 адам коронавирус инфекциясынан (52 971+ және 8 519 КВИ–) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 368 науқас стационарда, 51 122 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 848 адамның жағдайы ауыр;
- 207 науқастың жағдайы өте ауыр;
- 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 925 адамнан коронавирус анықталды.
