Мәліметтерге сүйенсек, бір тәулікте қалада 485 адам коронавирус жұқтырған.
симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 432, симптомсыз – 53 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 72, келіп түскені – 121 «Инфекциялық стационарларда 2 098 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5230), оның ішінде 82 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі
Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде 202 адам жатыр. Ал 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 82 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Қазіргі таңда High flow-да 55 аппарат жұмыс істейді.
