Соғыс ардагері президентке хат жазды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Жоңқабаев Қайырлы Уатайұлы – Ұлы Отан соғысының ардагерімін. Сізге екінші рет хат жолдап отырмын. Алдыңғы хатыма өзіңізден жауап алып, риза болдым. Мен жақында 100 жасқа келіп, ғасыр тойыма жеттім. Менің Сізге деген алғысым шексіз. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Сіздің менің ғасыр тойыма арнап жолдаған құттықтауыңызды жеткізді, сән-салтанатпен табыс етті. Одан соң Алматыда тұрып жатқан үйімнің ауласына Ұлттық ұлан сарбаздары құттықтап келіп, әскери оркестр ойнап, ерекше ілтипат, құрмет көрсетті. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан сый-сияпат берді, − деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ардагер өзіне көрсеткен құрметке үлкен алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Осылай, Жеңіс сарбаздарына көрсетіп жатқан құрметіңіз, соғыстан қайтпаған, майдан даласында және кейін қаза болған боздақтардың рухына тағзым ету деп түсінемін. Олардың аруақтары разы болғай! Еліміз үшін атқарып жатқан оң істеріңіз табысты болсын. Сіз басқарып отырған қазақ елі гүлдене берсін!, − деп жазылған соғыс ардагерінің хатында.