Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 47 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 65 098 адам (56 297 + және 8 801 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 11 576 пациент, амбулаторияда 53 522 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 905 адамның жағдайы ауыр, 241 пациенттің жағдайы өте ауыр. 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 2 537 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.