Коронавирустың таралуы бойынша қай өңірлер әлі де “қызыл” аймақта?

24 қыркүйектегі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Шымкент пен Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта қалды.

Ал «жасыл» аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Матрица

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 2 537 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.