Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Заң бұзушылықты инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған. Олар өңірдегі қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған. Мәселен, пара 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі аралықты құрап, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Сөйтіп, қызметкерлер күнделікті 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алып отырған.
Ақша аударымының 20-дан астам оқиғасы анықталып, сот 4 адамға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады. Қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтастыққа келді.
Қазіргі уақытта агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.
