Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 43 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 70 290 адам (61 705+ және 8 585 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 13 333 науқас, амбулаторияда 56 957 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 051 адамның жағдайы ауыр, 278 пациенттің жағдайы өте ауыр. 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Иллюстрация: DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 2 438 адамнан коронавирус анықталды