Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға жаңа пәтер кілттері табысталды

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегі ерекше бағаланып, мемлекеттік награда тағайындалғанын атап өтті.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен марапатталған. Мемлекеттік награданы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстаған еді.

Мұрат Әйтенов олимпиадашылардың жетістіктері арқылы каратэ спортының қалада даму деңгейін атап, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Кездесу барысында спортшыларға тұрғын үй қорынан «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер кілттері табысталды.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да