Президент Пәкістанмен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға ниетті

Пәкістан премьер-министрімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Фото: Аkorda.kz

Пәкістан премьер-министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сонымен бірге Қазақстан президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.

Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.

Фото: Аkorda.kz