Алматы облысында оқу жаттығу кезінде әскери қызметкер қаза тапты

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери шені — «капитан». Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді. Бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген, — делінген хабарламада.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да