Депутат Азат Сембиновтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды

Орталық сайлау комиссиясы назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтің өтініш беруіне байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Асылбек Смағұлов.

Сонымен бірге жалпы отырыста Азат Сембиновке Мәжіліс атынан алғыс хат табысталды.