Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқан тағы бір адамның денесі табылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады.

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғалған тағы екі адамды іздеу жалғасып жатқаны айтылады.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы оныншы жалпыұлттық аза тұту күні.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да