Елімізде коронавирус пен пневмониядан 131 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

28 тамыздағы мәлімет бойынша, 114 764 адам (–108 064 + және 6 700 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде стационарда 25 694 пациент, амбулаторияда 89 070 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 810 адамның жағдайы ауыр, 506 пациенттің жағдайы өте ауыр. 308 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 6 233 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.