Құжат бойынша Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:
- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде «жасыл мәртебесі» бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына – сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.
Алматыны қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісі үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын, — деп жазылған қаулыда.
Құжатта Алматыда да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиология жағдайын тұрақтануы керектігі айтылған.
Қаладағы эпидемиология жағдайы тұрақтанған жағдайда карантин шараларын жеңілдетуді енгізу тиісінше 4 және 6 қыркүйектен басталсын, — деп жазыған қаулыда.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.
