Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 120 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 226 адам (–117 339 + және 5 887 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 28 577 пациент, амбулаторияда 94 649 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр. 267 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды. Бір тәулікте 5 631 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да