Вакцинаның II компонентін 4 819 587 адам салдырған. Алайда елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркеліп, 19 адам қайтыс болды.
Коронавирус пневмониясынан 221 адам ем-дом алды. 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66 381 адам ауырып, 4 111 адам көз жұмды. Ал жазылып шыққандар саны 57 171-ді құрап отыр.
