Егер класта ауырған бала болса, ол класс онлайн оқуға көшеді. Оқушылар мен мұғалімдердің 20 проценті вирус жұқтырса, мектеп карантинге емес, толығымен жабылады», — деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.
Қаланың бас санитария дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жеке оқушыларды онлайн оқытуға көшіру ережелерін де түсіндірді.
Ата-ана созылмалы ауруы бар балаларын онлайн оқытуға көшіруді сұрайды. Егер баланың ауруы медициналық құжаттармен дәлелденсе, ол онлайн оқытуға көшеді. Егер класта бір бала вирус жұқтырса, онда бүкіл класс оқшауланады және бүкіл мектеп инфекцияның таралуына жол бермеу үшін онлайн режимінде оқиды, — деп толықтырды Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, балалар арасында дельта штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бұған дейін Алматыда карантин екі аптаға ұзартылған, демалыс күндері мекемелерге жұмыс істеуге тыйым салынады.
