Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан президенті БҰҰ бұрынғы бас хатшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев және Пан Ги Мун. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, тараптар жаһандық климаттың өзгеруі, экономиканы көміртегінен ада ету, «жасыл технологияларды» енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер мен заманауи сын-қатерлер туралы пікір алмасты.

Пандемияға қарсы күресті күшейтуге және Ауған мәселесін реттеудің перспективаларына ерекше назар аударылды.

Мақалаға реакция