15 тамыздағы мәлімет бойынша 117 807 адам коронавирус инфекциясынан (113 092 КВИ+ және 4 715 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде:
31 557 пациент стационарда, 86 250 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.
Коронавирус жұқтырып, пневмонияға шалдыққандардың арасында:
1 928 адамның жағдайы ауыр,
472 пациенттің жағдайы өте ауыр,
234 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

