Түркістан облысы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Түркістан облысы «сары» аймақтан «жасылға» өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Ал «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

15 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 7 427 адам коронавирус жұқтырды.

Сонымен қатар Қазақстанда 6 240 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.