Жыл басынан бері карантин режимін бұзғандарға 1,2 миллиард теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан, — делінген хабарламада.

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберлгенін, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асады, — делінген комитет хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да