Қызылордада 12 жастағы бала жоғалып кетті

Бұл туралы Қызылорда қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған жеткіншекке іздеу салады. Оның ерекше белгілері: бойы — 110-115 сантиметр, арық денелі, қара торы, шашы қара, бетінде қалы бар. Үстіне жасыл түсті футболка, қара-ала түсті шорты, аяғында ақ түсті кроссовка киген, — делінген хабарламада.

Полиция департаменті кәмелет жасына толмаған бала туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да