Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес мәселелері талқыланды

Аталған іс-шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған іс — шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Adaldyq alany жобалық кеңсесінің басшысы — министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев, Алматы мәслихатының депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Adaldyq alany жобалық кеңсесінің қызметіне ҮЕҰ қатысу форматтарын талқылау мақсатында өткізілді.

Отырыс барысында ҮЕҰ-ның бейресми пікір алмасуы және актикоррупциялық тақырыптың өзекті мәселелерін талқылау болды. Қатысушылар осы бағытты дамытуға бағытталған жаңа жобалар мен идеялар туралы айтып берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да