Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қаулыға сәйкес, Қазақстанның барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда «Ashyq» жобасын іске асыру тапсырылды:

  • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  • спа-орталықтары;
  • сауналар, бассейндер;
  • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  • боулинг клубтары;
  • кинотеатрлар;
  • театрлар мен филармониялар;
  • асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары;
  • ерікті қатысушылар;
  • караоке;
  • көрмелер;
  • океанариум;
  • марафондар;
  • көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
  • Алматы қаласының әуежайы;
  • (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент пен Түркістан және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау мен Қостанай әуежайлары;
  • лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Қаулыда сонымен бірге Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі көрсетілген. Сондай-ақ, жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тан шығару рәсімі сипатталған.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.