Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында ұсталды. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан.
Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Дархан Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді.
Айта кетейік, Дархан Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған.
