Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Бұл туралы жергілікті «Мой ГОРОД» порталы хабарлады.
КамАЗ-дың жылқы тиелген тіркемесі болған, ал Mercedes-Benz жүк көлігі бос келе жатқан. Екеуі соқтығысып, кейін жүк көліктері өртенген.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 15 мамырда сағат 23.56-да Қаратөбе ауданының маңында, Самара-Шымкент тасжолының 464-ші шақырымында болған.
Фото: Mgorod.kz
40 жылқы тиелген КамАЗ бен түрік нөмірлері тіркелген Mercedes-Benz Actros фурасы бетпе-бет соғысқаннан кейін өрт шықты. Ауыр жүк көліктері толығымен өртеніп кетті, 39 бас жылқы да өртенді. Көліктерден күйген екі мәйіт шығарылды, бір адам әртүрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр, — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.