Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Жаңа қаулы бойынша қаладағы бірнеше объектінің жұмысына рұқсат етіледі.

  • Алматы әкімдігінің сайтында жарияланған тізімге сәйкес «ASHYQ» пилоттық жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етіледі;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшелерінің жұмысына уақытын шектеусіз рұқсат берілді (бірақ тек жазба бойынша).
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын орындар 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдер арасында 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне болады.
  • 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым мен жоғары оқу орындары студенттерін, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту форматына көшіру, ата-аналарының өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптарды кезекші сыныптарға рұқсат етіледі.

Еске салайық, Алматы 10 наурыздан бастап эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы бойынша “қызыл” аймақта орналасқан. Кейінгі тәулікте қалада 1 492 адам коронавирус жұқтырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да