Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері күшейді

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжатқа сәйкес сауда ойын-cауық орталықтары, сауда үйлері және т.б. жұмыс уақыты сағат 17.00-ге дейін қысқарады. Ал демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларынына басқалары және студент көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, ал жеткізу жұмыстары мен алып кету тапсырыстарына бұл шектеудің қатысы жоқ.

Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сонымен бірге мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Күн сайын қалада коронавирус инфекцияның 300-ден астам жаңа дерегі анықталады. Астана тұрғындары мен қонақтарынан коронавирус ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарияы нормалары мен карантин режимін қатаң сақтау талап етіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да