Ең көп дерек Алматы (318) мен Нұр-Сұлтанда (307) тіркелді. Қарағанды облысында кейінгі тәулікте 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Алматыда — 28 625 (+318);
Нұр-Сұлтанда — 27 243 (+307);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 523 (+18);
Павлодар облысында — 18 641 (+44);
Атырау облысында — 17 845 (+38);
Қарағанды облысында — 16 488 (+100);
Ақмола облысында — 14 693 (+55);
Батыс Қазақстан облысында — 13 997 (+64);
Қостанай облысында — 13 256 (+45);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 805 (+21);
Алматы облысында — 11 987 (+86);
Шымкентте — 6 440 (+23);
Жамбыл облысында — 6 192 (+11);
Ақтөбе облысында — 4 588 (+32);
Түркістан облысында — 4 385 (+12);
Маңғыстау облысында — 4 319 (+8);
Қызылорда облысында — 3 926 (+4).
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 227 953-ке жетті. Оның 208 881-і жазылып шықты, 2 881 пациент қайтыс болды.
COVID-19 белгілері бар пневмония
16 наурыздағы мәлімет бойынша 57 жаңа дерек тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды, 186 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 953 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды. Оның 45 614-і жазылып шықты, 659-ы қайтыс болды.
