Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек, — деп жазды президент Twitter-де.
Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауыкерек
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 13, 2021
Айта кетейік, бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылында ұшақ құлады. Бортта 6 адам болған, оның төртеу қаза тапты.
Осы оқиғадан кейін Алматы әуежайында рейстер кешіктіріліп жатқаны хабарланды.
