Басты бет / Жаңалықтар /
b2d09319bc8f5d100ae9da631c904e33 Бақытжан Сағынтаев әуежайдағы әскери ұшақ құлаған жерге барды
Фото: Tengrinews.kz

Бақытжан Сағынтаев әуежайдағы әскери ұшақ құлаған жерге барды

Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медицина көмегін көрсетіліп жатыр, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған. Ұшақ бортындағы төрт адам қаза тапты, екеуі Алматының 4 клиника ауруханасына жеткізілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook