Құжатқа сәйкес, оқушылар үшінші тоқсанды мектепте оқиды, мектептер 300-ден аспайтын оқушыны қабылдайды. Ал сыныптағы бала саны 15-тен көп болмауы керек.
Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары, 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 1-7 сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Сыныпта 25 бала оқуға рұқсат берілген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтарда бала саны 25-тен аспайды.
Сонымен бірге қаулыда Нұр-Сұлтанда жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салынғаны айтылған. Жұмыс күндері балабақшалар 07.30-дан 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Ashyq қосымшасын енгізген компьютер клубтары мен боулинг орталықтары 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді.
SPA орталық, SPA салон, сонымен бірге массаж орталықтары бір мезгілде үш адамнан артық қабылдамайды. Оларға жұмыс кестесін штаттық режимде орнатуға рұқсат берілген, келушілер алдын ала жазылуы керек.
