Қазақстанда кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды?

Жаңадан жұқтырғандар арасында ең көп дерек Алматыда тіркелді. Қалада кеше 141 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Қалған өңірлердегі жаңа дерек саны жүзге жетпейді.

Өңірлердегі бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 25 996(+141);
Нұр-Сұлтанда — 25 714(+42);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 315(+21);
Павлодар облысында — 18139(+65);
Атырау облысында — 17 441(+43);
Қарағанды облысында — 15 749(+38);
Ақмола облысында — 14 102(+68);
Батыс Қазақстан облысында — 13 426(+34);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 582(+36);
Қостанай облысында — 12 775(+50);
Алматы облысында — 11 256(+68);
Шымкентте — 6 290(+8);
Жамбыл облысында — 6 055(+15);
Түркістан облысында — 4 328(+3);
Маңғыстау облысында — 4 282(+2);
Ақтөбе облысында — 4 401(+13);
Қызылорда облысында — 3 903(+6).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 218 754-ке жетті. Оның 202 230-ы аурудан айықты, 2 812-і қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

6 наурыздағы мәлімет бойынша 17 дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 195 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 49 573 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған, оның 43 803-і жазылып шықты. 644 науқас қайтыс болды.