Украинада бір күнде 185 адам коронавирустан қайтыс болды

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов 3 наурыз күнгі жиында кейінгі 24 сағат ішінде 7 235 адамнан коронавирус анықталғанын, 185 адам қайтыс болғанын айтты.

Елде коронавирус жұққандар 1,3 миллион адамға жеткен, 26 мыңнан астамы қайтыс болған.

Екі күн бұрын министр Sinovac вакцинасын елге жеткізу кешіктірілуі мүмкін деп мәлімдеген. Ол сейсенбі күні министрліктің жұмысына қатысты «лас ақпараттық шабуыл» өзге де вакцина шығарушылармен келіссөзге кедергі келтіріп жатқанын айтқан.

Бұған дейін жемқорлықпен күрес бюросы қытайлық Sinovac вакцинасын елге жеткізуді мойнына алған жергілікті делдал компаниясымен жасалған келісім-шартқа байланысты тергеу бастаған. Белсенділер құжаттың тым қымбат екенін алға тартқан.

Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов ведомствоға бағытталған сындарды терістеген.

ДереккөзAzattyq.org

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да