Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығынның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.

Тоқаев, Жапаров
Фото: Akorda.kz

Сонымен бірге орталық мамандары екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметі туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қаржы орталығының e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесімен және TABYS мобильді қосымшасымен танысты.

Тоқаев, Жапаров
Фото: Akorda.kz

Іс-шара соңында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да