«Әскери өнім» тұрғынүй бағдарламасының талаптары жарияланды

Құрметті әскери қызметкерлер және тұрғын үй төлемдерін алушылар! Сіздер үшін Отбасы банкіндегі арнайы шарт — бар болғаны 6% несие мөлшерлемесімен пәтер сатып алыңыздар!, — делінген «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге депозиттің бағалау көрсеткіші (ОП) 16-ға жеткен кезде несие бойынша мөлшерлеме 5%-ке дейін төмендейді.

«Әскери өнім» бағдарламасымен кез келген қаладан, алғашқы немесе қайталама нарықтан баспана сатып алуға болады.

«Отбасы банкі» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бағдарламаға қатысу үшін банктен SMS күтудің қажеті жоқ. Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта жақын жердегі бөлімшеге онлайн кезекке жазылып, несиені рәсімдеуге болады.

Әскери өнім, Әскери баспана,
Фото: «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі

Айта кетейік, мұның алдында 35 жасқа дейінгі Алматыда жұмыс істейтін азаматтарға арналған «Алматы жастары» тұрғынүй бағдарламасы туралы жазған едік.